Петропавл әкімдігі қымбат кілемдер сатып алмақ болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу процедураларына жүргізілген мониторингтен кейін бюджеттің 1,826 млрд теңгесі үнемделді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті өткен тоғыз айдағы жұмысын қорытындылады. Ведомство басшысы Асхат Джакипбековтың айтуынша, Экономикалық зерттеулер институты жүргізген жалпыұлттық зерттеудің нәтижесі бойынша облыс сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен өңірлердің қатарында. Десек де, шешімін күткен мәселе әлі де баршылық.

— СҚО-ның ерекшеліктері ескеріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы жасалды. Департамент осы картаны негізге ала отырып жұмыс істейді.

Картаға енген әлеуметтік мәселелер мониторинг және сыртқы талдаулар бойынша қарастырылады. Өткен 9 айда өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 8 мониторинг жүргізілді. 5 мемлекеттік органға және бір квазимемлекеттік сектор мекемесіне сыртқы талдау жүргізілді. Мемлекеттік органдарға 200-ден астам ұсыным берілді, – дейді Асхат Жақыпбеков.

Департамент басшысының айтуынша, мемлекеттік сатып алу жүйесіне күнделікті мониторинг жүргізіледі. Негізгі міндет – жоспарлау кезеңінде тауарлардың құнын жасанды түрде көтерудің алдын алу.

— Нәтижесінде биылғы 9 айда жоспарланған сатып алу бағасын көтерудің 79 фактісі анықталды. Олар бойынша мемлекеттік 45 орган бағаны төмендету бойынша шаралар қабылдады. Бюджеттің 1,826 млрд теңгесі үнемделді.

Мысалы, Петропавл қаласы әкімінің аппараты кілемдердің шаршы метріне 35 мың теңге төлеуді жоспарлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арласқаннан кейін сатып алу бағасын қайта қарады. 7,8 млн теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берілмеді, – дейді Асхат Жақыпбеков.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz