Облыста аудан әкімдерінің сайлауына түсетін 12 үміткердің 10-нын тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Облыстық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, бір кандидат vемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмеді, екіншісі осы рәсімнен өту үшін қажетті құжаттарды ұсынбағандықтан тіркелмеді. Қазіргі күні 10 үміткердің құжаттары арнайы тексеруге жіберілді. Оның бесеуі – өзін-өзі ұсынушылар, үшеуі – «AMANAT» партиясынан, екеуі – Қазақстанның халық партиясының мүшесі.
–Барлық тіркелген кандидаттар куәлік алып, сайлау бюллетеньдеріне енгізілді. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарламалар аудандық сайлау комиссияларының интернет- парақшаларында орналастырылған. Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарының әкімдерін сайлау 5 қарашада өтеді, — дейді СҚО сайлау комиссиясының өкілдері.