Петропавлда тіркемелі техника мен крандар шығарылатын болады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста екі жаңа зауыт бой көтереді. Кәсіпорын тіркемелі техника мен крандарды шығаратын болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдағы «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағына кіретін кәсіпорындар тізіміне тағы бір өндіріс ошағы енді. Биыл «Reimann» тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасы зауыты өз өнімін өңірде шығаруды қолға алмақ. Инвестициялық жобамен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты.

Қазіргі уақытта инвестор зауыт нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтады. Жобаны жүзеге асыруға 1,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Жоспар бойынша жаңа өндіріс ошағы жыл соңында іске қосылады. Нәтижесінде тұрақты жұмыс орнымен өңірдің 75 азаматы қамтылады. Кәспорынның жылдық қуаты 150 тіркеме техниканы құрайтын болады.

photo 5276254666600074694 y

«KazKran» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де – «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы. Бұл зауыт көтергіш-көлік жабдықтары мен аспалы крандарды шығаруды қолға алмақ. Бүгіндері инвестор цехтың іргетасын құйып жатыр. Оның құны 2 млрд. теңгені құрайды. 2025 жылы ашылатын кәсіпкерлік субъектісінде 150 жаңа жұмыс орны пайда болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz