Петропавл қалалық сотында үш оқушыға балтамен шабуылдаған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, оқушыға қатысты істің материалдары қазанның 2-сі күні қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа түсті. Бүгін алғашқы тыңдау жабық режимде өтпек.
– Балтамен шабуылдаған жасөспірімнен үш адам жапа шекті. Сотталушыға ҚР ҚК 1,9,14 — тармағының 24-бабы 3-бөлігі, 99-бөлігі 2-бөлігі бойынша кісі өлтіруге әрекет жасады деген айып тағылуда, – делінген СҚО сотының баспасөз қызметі.