Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 700 тоннадан астам азық-түлік саудаланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Астанада Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдері саудаланды. Жәрмеңкеге теріскейден азық-түлік тауарларының 700 тоннасы жеткізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жәрмеңке елордадағы Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Қазақ ұлттық өнер университеті ғимаратының алдында өтті. Сауда-саттық өткізілген алаңда астаналықтар мен қала қонақтары қажетті ауыл шаруашылығы тауарларын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін сатып ала алды. Биыл бұл шараға 110 кәсіпорын сапалы және экологиялық таза өнімдерді ұсынды.

СҚО ауыл шаруалығы және жер қатынастары басқармасының ақпаратынша, жәрмеңкеге барлығы 733 тонна өнім ұсынылды, оның ішінде:
— Картоп пен көкөніс – 495 тонна.
— Барлық түрдегі ет– 100,7 тонна;
— Сүт және сүт өнімдері – 33 тонна;
— Ұн – 70 тонна;
— Макарон және кондитерлік өнімдер – 10 тонна;
— Бал және ара шаруашылығы өнімдері – 10,5 тонна;
— Тауық жұмыртқасы – 120 мың дана;
— Балық – 5 тонна;
— Жарма–2 тонна.

Ауыл шаруашылығы өнімдері дүкендердегі бағадан 15-20% арзан саудаланды.
Ет өнімдерінің орташа бағасы: сиыр еті – 2200 тг/кг, жылқы еті – 2500 тг/кг, қазы, жая – 3000 тг/кг, тауық – 1100 тг/кг, үйрек – 2300 тг/кг.
Азық-түлік өнімдері: ассортименттегі бал – 2000 тг/л, ұн 1 сорт – 220 тг/л, тауық жұмыртқасы–400 тг.
Сүт өнімдері: сүт 2,5% – 350 тг, үйдегі қаймақ – 1850 тг, сүзбе – 950 тг, ассортименттегі ірімшіктер – 2200-3400 тг, үй сары майы – 4000 тг.
Көкөніс өнімдері: картоп–100 тг, қырыққабат – 120 тг, сәбіз – 110 тг, пияз – 100 тг.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz