СҚО-да «Munara TV» телеарнасының филиалы ашылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы  өңірімізге жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бас мүфти  «Иманды ел – ізгі қоғам кепілі» тақырыбында өткен республикалық конференцияға, Жастар сарайында өткен Мәуліт кешіне қатысып, уағыз айтты.

Оқушылар сарайында өткен конференцияда зиялы қауым өкілдері жастарды деструктивті діни ағымдардың теріс идеологиясынан сақтандыру, жас буын өкілдерін құмар ойындарға тәуелділіктен құтқару, қоғамда дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттаудың маңызы сынды тақырыптарда ойларын ортаға салды.

– Біздің халық алдындағы басты міндетіміз – жұртымызды жақсылыққа үндеп, жамандықтан тосу, ізгі қоғам құруға үлес қосу. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялады. Осы жыл аясында қоғам игілігіне арналған бірқатар іс-шараны жүзеге асырып келеміз. Ислам барлық адамзатты ізгілікке, жақсылыққа шақырады. Бірлік пен берекеге шақыру – қазақ халқының қанында бар қасиет. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз адамның кемелдікке жетуі үшін төрт шартты атап өткен. Олар – кеңістік, уақыт, бауырмалдық, өзара ынтымақтастық. Міне, осы құндылықтар болған кезде қоғам да, адам да бақытты болады,  –  деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сапар барысында «Қызылжар» орталық мешітінің жас шәкірттермен кездесіп, «Munara TV» телеарнасының өңірлік филиалының ашылу рәсіміне қатысты. «Munara TV» – халықтың діни сауатын арттыруды, жас көрермендердің бойына имандылық, адамгершілік, патриотизм сынды құндылықтарды қалыптастыруды көздейтін арна. Діни басқарманың төл телеарнасы мен радиосын ашу 2020-2025 стратегиялық даму бағдарламасында да жазылған. Осы бағытта басқарма медиа саласындағы жұмыс ауқымын ұлғайтуды көздеп отыр.

–Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл телеарнасы «Munara TV» халқымызға дініміз бен дәстүрімізді насихаттап келеді. Төл телеарнамыздың жұмыс ауқымын ұлғайту мақсатында Петропавл қаласында филиалын ашып отырмыз. Бұл студияда әзірленген тележобалар халқымыздың рухани дамуына оң ықпал етеді деген сенімдемін, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz