Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Арслан Хусейн жаңа аурухананың құрылысын талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңір басшысы «YDA Group» түркиялық компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Арслан Хусейнмен кездесіп, денсаулық сақтау саласындағы серіктестік мәселелерін талқылады. Орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, көпсалалы аурухана құрылысын жеделтету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
– Бұл – облыс үшін маңызды жоба. Жаңа аурухана заманауи қондырғылармен жабдықталып, дәрігерлер мен науқастарға қолайлы жағдай жасалмақ. Осылайша солтүстікқазақстандықтар жоғары сапалы медициналық қызметке қол жеткізеді, – деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.