Жүзу спорты: Ел чемпионатында солтүстікқазақстандық спортшылар жүлдегер атанды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Талдықорғанда жүзуден жастар арасында ел біріншілігі өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Чемпионатқа 20 командадан 250-ден астам спортшы қатысуға мүмкіндік алды. Жүлдегерлер қатарынан Петропавлдағы «Дельфин» спорт мектебінің 9 тәрбиеленушісі көрінді.

Жарыстың бірінші күнінде жерлестеріміз 5 медальді қоржынға салды. Еркі стильде қыздар сынында Яна Лукьянчикова 50 метрлік қашықтықты бағындырып, 1-ші орынға қол жеткізді. Ал ерлерде Егор Василенко дәл осы дистанцияда  2-орынды иеленді. Брасс стилінде Дмитрий Турукин 200 метрде күміс жүлдегер атанды. Эстафетада Егор Василенко, Никита Худяков, Кирилл Сидоренко, Артем Казанцев 2-орынға жайғасты. Сондай-ақ ерлерде Артем Казанцев 50 метрлік қашықтықта қола медальді еншіледі.

Ел біріншілігінің екінші күнінде қоржынға тағы екі жүлделі орын түсті. Ерлерде брасс тәсілімен 100 метрге жүзген Дмитрий Турукин күміс медальға қол жеткізді. Эстафетада (50*4) Егор Василенко, Дмитрий Турукин, Кирилл Сидоренко мен Артем Казанцев 2-ші орынды қанжығаларына байлады.

Үшінші күннің қорытындысы бойынша жерлестеріміз тағы үш медаль еншіледі. Барлығы да – күміс жүлде. Кроль тәсілімен 100 метрге жүзген Егор Василенко, брасс сынындағы 50 метрде бақ сынаған Дмитрий Турукин мен 100 метр қашықтықта кролльде Яна Лукьянчикова екінші орыннан көрінді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz