Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 82%-ға дейін артты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) аудитінің нәтижелері бойынша Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 82%-ға дейін артты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл деректі Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николас Ралло ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярмен кездескен кезде келтірді. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 13%-ға жоғары, деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз қызметі.

— Кездесу барысында Николас Ралло ИКАО ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті, жолаушылар үшін әуе көлігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әуе тасымалы нарығын ілгерілету бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан барлық реформа мен бастаманы қолдайтынын айтты, – делінген ресми хабарламада.

Сонымен бірге кездесу шеңберінде Қазақстанда азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту мақсатында Ұшу қауіпсіздігінің ұлттық жоспарын әзірлеу және бекіту, авиация саласына арналған персоналды оқыту, авиациялық оқиғаларды тергеу жүйесін нығайту маңыздылығы атап өтілді.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz