Облыста күзгі орақ науқаны аяқталды. Өңір диқандары астықтың 3,7 млн. тоннасын бастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биылғы күзгі жиын-терім жұмыстары қиын жағдайда өтті.
— Бүгіндері астық қабылдау пункттеріне 980 мың тонна көлемінде өнім тапсырылды. Оның ішінде 55 пайызы 3-сұрыпты, 14 пайызы сұрыпсыз бидай, – деді Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері маусымдық жұмыстарға мемлекеттен 58 мың тонна арзандатылған дизель отынын алды. Қазіргі уақытта диқандар майлы дақылдарды жинап жатыр.