СҚО-да орақ науқаны аяқталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста күзгі орақ науқаны аяқталды. Өңір диқандары  астықтың 3,7 млн. ​​тоннасын бастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биылғы күзгі жиын-терім жұмыстары қиын жағдайда өтті.

— Бүгіндері астық қабылдау пункттеріне 980 мың тонна көлемінде өнім тапсырылды. Оның ішінде 55 пайызы 3-сұрыпты, 14 пайызы сұрыпсыз бидай, – деді Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері маусымдық жұмыстарға мемлекеттен 58 мың тонна арзандатылған дизель отынын алды.  Қазіргі уақытта диқандар майлы дақылдарды жинап жатыр. 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz