Облыста «Жаңа қала» атты реновация бағдарламасы жүзеге асуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тың жобаның арқасында ескі және тозығы жеткен тұрғын үйлер сүріліп, баспана қоры жаңартылады. Нәтижесінде қалалықтардың үй жағдайы жақсарып, коммерциялық үйлердің құрылысы көбейе түспек.
– Бұл бағдарламаның аясында облыс орталығында 3 көпқабатты үй салынуда, 3 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Биыл апатты жағдайдағы 6 көпқабатты үй сүріледі. Реновация бағдарламасына қатысу үшін жеке құрылыс компанияларын көбірек тарту қажет, – дейді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.