СҚО полицейлері шетелдік есепте тұрған көлік жүргізушілері жасаған 43 заңбұзушылықты анықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыста шетелдік есепке алынған автокөліктердің қатысуымен 34 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 52 адам жарақат алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

1 қыркүйекте шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру мерзімі аяқталды. СҚО полицейлері күн сайын шетелдік нөмірлері бар автокөліктер бойынша рейдтер жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары жүргізуші куәліктерін, техникалық паспорттарды және басқа да құқық белгілейтін құжаттарды тексереді. Рейдтер барысында барлығы 432 автокөлік тексерілді. 43 құқық бұзушылық анықталды.

– Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және ҚР Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Рейдтердің мақсаты – шетелдік есепте тұрған автокөліктердің ҚР заңнамасының талаптарын сақтауы. Бұл әсіресе транзиттік автотрафикасы жоғары шекаралас аймақта байқалады, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары Григорий Тыш.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz