Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Уәлиханов ауданына барды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бүгіндері аудан орталығы Кішкенекөлде жаңа емхана мен жаттығу залы бар жабық бассейннің құрылысы жүргізілуде. Ал Ақбұлақ ауылында 1,3 мың басқа арналған сүт фермасы тұрғызылып жатыр.
– Сүт фермасының іске қосылуымен Ақбұлақтықтар қысы-жазы жұмыспен қамтылатын болады. Әрине ауылдықтардың мәселелері де жоқ емес. Мен ауылдық мектепте жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап бердім. Қазіргі уақытта елді мекенге су желілері тартылуда. Келесі жылы ауыл көшелері жөнделеді, – дейді СҚО әкімі.
Өңір басшысы «Жолдасбай Агро» шаруа қожалығының сүт фермасының құрылысын көріп, Уәлиханов ауданының шаруаларымен де кездесті.