Жобаға сәйкес, кәсіби мерекелер қатарына мыналар қосылады:
- 1 ақпан – ҚР Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні
- Қарашаның үшінші жексенбісі – Бұрғылаушы күні
Жобаның негіздемесінде 1991 жылы 1 ақпанда Алматы әуежайында Қазақ КСР Алматы авиациялық отряды командирінің бұйрығымен республикада тұңғыш рет Авиациялық қауіпсіздік қызметі (ӘҚҚ) құрылғаны көрсетілген. Қазір әуежайлар мен авиакомпаниялардың құрылымында 3000-нан астам мамандардың біріккен құрылымы — Авиациялық қауіпсіздік қызметі (ӘҚҚ) бар. Бұл ең үлкен қызмет болып саналады.
Екінші ұсынылып отырған мерекеге қатысты әзірлеушілер бұрғылаушы мамандығы тау-кен өнеркәсібінде кәсіби деңгейді көтеруге ықпал ететін жалпы мамандықтардың бірі екенін түсіндірді. Бұрғылаушылар — жердің қазбалы қабаттарына қол жеткізудің негізгі тірегі. Сондықтан бұрғылаушы күнін қарашаның үшінші сенбісінде атап өтетін кәсіби мерекелер қатарына қосу керек.
Жоба 2023 жылдың 2 қарашасына дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталына жарияланған.