Қазақстанда екі жаңа кәсіби мереке пайда болады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Еңбек министрлігі кәсіби мерекелер тізбесіне түзету жобасын әзірледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Жобаға сәйкес, кәсіби мерекелер қатарына мыналар қосылады:

  • 1 ақпан – ҚР Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні
  • Қарашаның үшінші жексенбісі – Бұрғылаушы күні

Жобаның негіздемесінде 1991 жылы 1 ақпанда Алматы әуежайында Қазақ КСР Алматы авиациялық отряды командирінің бұйрығымен республикада тұңғыш рет Авиациялық қауіпсіздік қызметі (ӘҚҚ) құрылғаны көрсетілген. Қазір әуежайлар мен авиакомпаниялардың құрылымында 3000-нан астам мамандардың біріккен құрылымы — Авиациялық қауіпсіздік қызметі (ӘҚҚ) бар. Бұл ең үлкен қызмет болып саналады.

Сонымен қатар авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері өз мерекелерінің болмауына байланысты кәсіби қауымдастықтың біртұтас авиация саласына жататынын сезінуге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан мереке күндерінің тізбесіне жаңа мереке күні, Авиациялық қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің күні – 1 ақпан, Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару 15 ақпан күнінен ертерек аталып өтетін боп енгізілген.

Екінші ұсынылып отырған мерекеге қатысты әзірлеушілер бұрғылаушы мамандығы тау-кен өнеркәсібінде кәсіби деңгейді көтеруге ықпал ететін жалпы мамандықтардың бірі екенін түсіндірді. Бұрғылаушылар — жердің қазбалы қабаттарына қол жеткізудің негізгі тірегі. Сондықтан бұрғылаушы күнін қарашаның үшінші сенбісінде атап өтетін кәсіби мерекелер қатарына қосу керек.

Жоба 2023 жылдың 2 қарашасына дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталына жарияланған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz