Қазақстанда 5600-ге жуық азамат банкрот деп танылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Елімізде 5600-ге жуық азамат банкрот деп танылды. Мұны Үкімет басшысының орынбасары, әрі Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Парламенттік тыңдауда айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Жалпы, жеке тұлғаларды банкрот деп тану бойынша осы жылдың 3 наурызынан бастап 68 мыңнан астам өтініш түскен.

Келіп түскен өтініштердің 55 мыңы банкроттық рәсімге сәйкес келмейтіні анықталды. Олардың негізгі себептері: мүліктің болуы, борышкердің қарыз сомасы мен төлем мерзімі бойынша сәйкессіздік және кредитормен борышты дұрыс реттемеу.

Сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін соттарға 1 200-ге жуық азамат жүгініп, 35-тен астам банкроттыққа қатысты шешім шығарылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz