СҚО жастары республикалық акциядан қалыс қалмады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының мұрындық болуымен «Адал азамат» акциясы өтуде. Қоршаған ортаны тазалықта ұстап,  этномәдени ескерткіштерді қорғау мақсатында ұйымдастырылған шараны петропавлдық жастар да қолдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Жастар рухы» ұйымының белсенділері Петропавлдағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайын жанындағы «Қызылжар АРТ» орталығында тазалық орнатты. Сыпырғыш-күректермен қаруланған қыздар аумақты қоқыстан тазартса, ер балалар көрмелер мен түрлі жәрмеңкелер өткізілетін құрал-жабдықтарды жинастыруға көмектесті.

— Республикалық акцияның мақсаты — вандализмді алдын алу, жастарды сакралды орындарға құрметпен қарауға шақыру. Бүгінде бұл шара барлық қалаларда өтуде. Біз де шет қалмай, белсенділік танытуға тырысып жатырмыз. Келесі жолы аудандарға шығуға мүмкіндік туса, ауылды жердегі мәдени орындарда тазалық орнатуға көмектесеміз. Әр жас азамат өз елінің тарихы мен мәдениетін біліп сақтауы қажет, — дейд «Жастар рухы» ЖҚ СҚОФ төрағасы Біржан Құдайбергенов.

1 12

Акция жұма күні бастау алғанын атап өткен жөн. «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері кеше ғана Ақмола облысындағы «Бурабай» табиғи паркінде тазалық орнатты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz