Жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мамлют ауданы арқылы өтетін «Мамлютка — Қостанай» республикалық маңызы бар автожолда «Audi» мен «МАЗ» көліктері соқтығысып, жеңіл теміртұлпарды тізгіндеген жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Мамлютка-Қостанай» республикалық маңызы бар автожолының 7 шақырымында болды.

«Audi» мен «МАЗ»-дың соқтығысуы салдарынан жеңіл көліктің 53 жастағы жүргізушісі Мамлют аудандық ауруханасында көз жұмды.

«МАЗ» көлігін 33 жастағы ер адам тізгіндеген. Медициналық куәландыру оның спиртті ішімдік ішпегенін көрсетті. Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданбақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz