Облыста бес күннің ішінде көлікті тізгіндеген 33 мас жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыста «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында мыңнан астам қараусыз қалған үй, 257 саяжай және 610 жалдамалы пәтер тексерілді. Сондай-ақ мерзімінен бұрын босату шарттарын бұзудың 18 фактісі, сот белгілейтін мінез-құлыққа қойылатын ерекше талаптарды сақтамаудың 24 дерегі тіркелді.
– Қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері басты назарда болды. Ішімдік ішкені немесе мас күйінде болғаны үшін 326 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнгі рейдтер барысында түнгі уақытта үйден тыс жерде заңды өкілдерсіз болған 68 жасөспірім анықталды. Жедел-профилактикалық шарасын өткізу кезінде 341 қолайсыз отбасы тексерілді. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаудың 29 фактісі анықталды, – деді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.
Жылдамдықты асырудың 136 фактісі, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін бұзудың 35 фактісі анықталды.