СҚО әкімінің өкімімен Қанат Дүзелбаев Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қанат Малғаждарұлы 1974 жылы туған. Алматының экономика және статистика академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы Ұлттық банк орталығында экономист болып бастады.
Банк жүйесінде, қазынашылық, экономика және бюджетті жоспарлау саласында тәжірибесі бар.
Осы тағайындауға дейін Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарған.