Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлығы шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлығы:

1. Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық-саяси қызметтегі аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз мемлекет және қоғам қайраткері Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлына тапсырылсын;

2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені Семей қаласы, «№7 жалпы білім беретін орта мектеп-лицей» КММ мұғалімі Шүкежанова Алма Сайдахметқызына тапсырылсын;

3. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені Қызылорда облысы, «Таң ЛТД» ЖШС директоры Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлына тапсырылсын.

Республика күні қарсаңында президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы:
  • Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық-саяси қызметтегі аса үздік еңбегі үшін мемлекет және қоғам қайраткері, парламент мәжілісінің депутаты Б.Ізмұхамбетовке,
  • еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Семей қаласы «№ 7 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейінің мұғалімі А.Шүкежановаға,
  • өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қызылорда облысы «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры И.Шағыртаевқа берілді.

«Отан» орденімен:

  • суретші А.Ақанаев
  • белгілі ақын, айтыс өнерінің дамуына ерекше еңбек сіңген қайраткер Ж.Ерманов марапатталды.

І дәрежелі «Барыс» ордені еңбек ардагерлері М.Айымбетова мен С.Тиесовке, Қонаев қаласы А.Жұбанов атындағы №5 орта мектеп мұғалімі Н.Лиге, телевизия ардагері Л.Сейітовке,

ІІ дәрежелі «Барыс» ордені қоғам және мемлекет қайраткері Ә.Бектаевқа, «KAZGOR» жобалау академиясының бірінші вице-президенті Т.Ералиевке, еңбек ардагері О.Рахманбердиевке,

ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені Абай облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Айнабековке, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің кафедра меңгерушісі С.Аяғановқа, еркін күрестен еңбек сіңірген спорт шебері И.Байрамуковке, «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы Б.Жәмішевке, қоғам қайраткері Ә.Жолшыбековке және еңбек ардагері С.Қырымқұловқа табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz