Облыста алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады. Жел күшейіп, жауын-шашын мөлшері нормадан артық түспек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәліметінше, өңірдегі ауа райына солтүстік циклон әсер етпек.
Қазанның 24-і сейсенбі күні қар мен жаңбыр жаңбыр жауып, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында желдің екіпіні 15-20 м/с, оңтүстігінде желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 4 градус аязды көрсетеді, ал күндіз сынап бағанасы 0-5 градус аралығында жылы болмақ.
Қазанның 25-сі сәрсенбі күні облыстың басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады деп болжануда. Желдің екпіні 9-14 м/с құрап, ауа температурасы 0-5, күндіз-5-10 жылуды көрсетеді.
Қазанның 26-сы күні бейсенбіде Скандинавия түбегінің аймақтарынан суық арктикалық ауа массаларының басып кіруі ықтимал. Түнде және күндіз ауа температурасы 0-5 аязға дейін төмендейді. Жауын-шашын, көктайғақ сақталады.