Президент Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қалай қабылданғанын айтты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай ұйымдастырылған мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде тарихқа шегініс жасап, Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қалай қабылданғаны жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Мемлекет басшысы сөзін еліміздің ең басты мейрамы – Республика күніне құтты болсын айтумен бастады.

— Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн. Халқымызда «Егемен болмай, ел болмас» деген сөз бар. Осыдан 33 жыл бұрын тарихи әділдік орнады. Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы маңызды құжат жұртымыздың азаттық алуына жол ашты, — де айтты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, егемендік декларациясын қабылдау «оңайға соққан жоқ».

— Еліміздің ұлттық құрамы біркелкі емес еді. Сол кездегі Парламентте, яғни Жоғарғы Кеңесте және бүкіл қоғамымызда ұзақ пікірталас, қызу талқылау болды. Құжаттың әр сөзін, әр бабын қорғауға тура келді, -Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Бөкейханның «Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана» деген сөзін келтіре отырып, ел ағалары халқымыздың ардақты ұлының бұл өсиетіне адал болғанын атап өтті.

— Олар жауапты сәтте ұйымшылдықпен ұлт мүддесін қорғай білді. Ақжолтай құжат жұртымыздың талап-тілегіне сай жазылды, отаншыл азаматтардың ақыл-парасатының арқасында қабылданды. Олардың сын сағаттағы батылдығын нағыз ерлік деп бағалауға болады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz