Республика күніне орай салтанатты жиын өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Шараға қатысқан облыс әкімі жиналған қауымды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ұлттық мерекенің маңыздылығына тоқталып, барша қауымға ізгі тілегін жолдады.

— 25 қазан – еліміздің дамуына айтарлықтай әсер еткен, ерекше тарихи маңызы бар күн. Бұл – еліміздің тәуелсіздігіне жасаған алғашқы нық қадам. Ата-бабаларымыздың арманы болған бүгінгі күннің әр таңын құрметтеу – баршамыздың міндетіміз. Еліміздің даму жолында бірлікті ту етіп, адал еңбекті жоғары қоятын солтүстік жұртшылығы, ұлы мерекенің ұлағатын болашақ ұрпаққа насихаттауды жалғастырады деп сенемін, — деп атап өтті өңір басшысы.

Салтанатты жиын барысында марапаттау рәсімі өтті. Мемлекет басшысының атынан облыс әкімі еліміз бен өңіріміздің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар солтүстікқазақстандықтарға «Парасат», «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерін, «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медалдарін, ҚР Құрмет грамотасын табыс етті.  Жиыннан соң жиналған қауым мерекелік концертті тамашалады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz