Полицейлер ПИК төрағаларымен кездесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда қалалық полиция басшылығы пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полицейлер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызды тұстарға тоқталып, залға жиналған тұрғындардың ұсыныстарын тыңдады. Кездесуде ПИК төрағалары сұрақтарын қалалық полиция басшысына тікелей қоюға мүмкіндік алды.

Қала тұрғындары танымал сайттарда, Instagram желісінде тауар сатып алу кезінде жиі алданады. Сонымен бірге адамдарға алаяқтар “туыстардың” атынан хабарласып, заңмен байланысты проблема туындағанын және ол үшін қомақты қаражат қажет екенін айтады. Марат Жұмалиев көршілер чаттары мен мессенджерлерді белсенді пайдалануға кеңес беріп, құқық бұзушылықтардың алдын алудағы медиа материалдарды таратуға көмек көрсетіп жүрген және белсенділік танытқан ПИК төрағаларына алғысын білдірді.

Жыл басынан қаланы абаттандыру ережелерін бұзған 3760 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілік арқалады. Қоқысты уақытылы шығармағаны үшін екі мердігер ұйым жауапқа тартылды. Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев өз сөзінде кей шағын аудандарда аулаларда бейнебақылау камераларын орнату, жертөлелер мен шатырларды нығайту, үйлердің кіреберістері мен аулаларда жарықтандыруды жақсарту сияқты қауіпсіздік шаралары дұрыс жолға қойылмағанын атап көрсетті. Бұдан бөлек тұрғындардың көпшілігі үйлердің кіреберістері мен тамбурларында велосипедтерді, самокаттарды, шаналарды және тағы басқа заттарды қараусыз қалдырады.

ПИК төрағалары учаскелік полиция инспекторларының атқарып жүрген жұмыстары үшін алғыстарын білдірді. Қойылған сұрақтар абаттандыруға қатысты болды. Полицейлер үшін құқықтық тәртіпке бейжай қарамайтын ПИК-тің әр төрағасының, қала тұрғындарының пікірі өте маңызды. Полицияның құзыретіне кіретін барлық проблемалық сұрақтар қала тұрғындарының игілігі үшін және оларды шешу мақсатымен бақылауға алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz