217
Индустрия және құрылыс министрінің 2023 жылғы 18 қазандағы бұйрығымен 7 қарашадан бастап Қазақстан аумағынан түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге тыйым салу алты айға ұзартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Қазақстан аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынады:
- көліктің барлық түрлері: мыс қалдықтары мен сынықтары, алюминий, қорғасын, сондай-ақ пайдаланылған қорғасын батареялары, қалдық және сынықтары;
- автомобиль және теңіз көлігімен: қара металдардың сынықтары мен қалдықтары;
- автомобиль және теңіз көлігімен: пайдаланылған құбырлар, рельстер, темір жол элементтері және жылжымалы құрам.
Бұйрық 2023 жылғы 4 қарашадан бастап күшіне енеді.
Құжат сынық тапшылығын сезініп отырған отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыру мақсатында және сынықтардың заңсыз айналымына қарсы күрес шараларының бірі ретінде қабылданды.