Көкжөтел ауруына шалдыққандар қатары артты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста көкжөтел ауруының зертханалық расталған 10 жағдайы тіркелді. Екі науқас қазіргі уақытта стационарлық ем алып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

 

СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, былтыр бір ғана адам көкжөтелмен ауырса, биыл сырқаттанғандар саны 9-ға артқан. Олардың сегізі ауруханадан тәуір болып шықты.

— Екі адамның көкжөтелді Тәжікстаннан жұқтырып әкелгені анықталды. Жалпы барлық жағдайлар Петропавлда тіркелген. Оның екеуінде бір үйден екі адамнан ауырған. Жас құрылымы бойынша жеті жағдайда ауырғандар 14 жасқа дейінгі балалар, 20-29 жас тобында 1 адам, 30-39 жас тобында 1 адам, 40-49 жас тобында 1 адам ауырды.

Көкжөтелмен ауырған жағдайлардың 60 % жеке сеніміне қатысты вакцинадан бас тартып, қарсы егілмеген. Қалған сырқаттар ауруға қарсы екпе алған-алмағанын білмейді, — дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақытау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Көкжөтелге қарсы негізгі профилактикалық шара – вакцинация. Аурудан қорғану үшін балаларға 2, 3, 4 айында 3 екпе жасалуы қажет. Келесі ревакцинация бір жарым жаста жүргізіледі.

 

— Көкжөтел — бұл негізінен балаларда болатын және белгілі бір клиникалық көрінісі мен белгілері бар жұқпалы ауру. Екі жасқа дейінгі балалар мен қарт адамдарда жиі асқынады. Дегенмен, кез келген жаста адам ауыруы мүмкін. Көкжөтел кезінде дене температурасы +38°С дейін көтеріліп, денесі қалтырайды. Әлсіздік болып, бұлшықеттері, басы ауырады. Мұрыннан ағады, бітеледі. Құрғақ жөтел мазаны алады, — дейді Әсет Жұматаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz