Облыс халқының 11 пайызына тұмауға қарсы екпе егіледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазанның 1-і мен келер жылдың 30-шы сәуіріне дейін облыс халқының 11 пайызына тұмауға қарсы екпе егіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Эпидемиолог мамандардың ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда облысқа тұмауға қарсы «Гриппол плюс» вакцинасының 60 мың данасы сатып алынды. Оның 42060-сы өңір тұрғындарына салынды.

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша эпидемиологиялық маусым кезінде өңірде кем дегенде халық санының 10 пайызына тұмауға қарсы екпе салынуы қажет. Біздің жоспар – халықтың 11 пайызына вакцияна салу. Қазіргі уақытта екпе 7687 медицина қызметкері, 4333 оқушы, 296 жүкті әйел, 20375 созылмалы ауруы бар адамға, 505 жабық типтегі мекемелердегі азаматқа, қарттар мен мүгедектер үйлерінің контингентіне және эпидемиологиялық көрсеткіштер екпені қажеті ететін 7771 адамға қойылды, – дейді Әсет Жұматаев.

СҚО бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының вирусологиялық зертханасында тұмауға зертханалық диагностика жүргізіледі. Үстіміздегі жылдың 1 қазанынан бастап полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен тұмауға шалдыққан науқастардан 283 сынама зерттелді, тұмау вирусы табылған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz