Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында солтүстікқазақстандық жеңілатлет Иван Залезняк қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жерлесіміз ядро итеру жарысына қатысып, үздік үштікті түйіндеді. Ол спорттық құралды 12,39 метр қашықтыққа лақтырып, қола жүлдені місе тұтты. Бұл сында тағы бір отандық спортшы Дастан Мұқашбеков алтын медальді иеленсе, екінші орынға Бірікккен Араб Әмірлігі құрамасының мүшесі Алкаби Мохаммед жайғасты.