СҚО-да орташа еңбекақы қанша

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында қызметкерлердің 1,8 пайызы  70 мың теңгеге дейін еңбекақы алады. Статистика қызметі сәуір айында жүргізілген жалпымемлекеттік статистикалық есептің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, қызметкерлердің жалақысының құрылымын зерттеу барлық ірі кәсіпорындар мен ұйымдарда және іріктеу бойынша орта және кіші кәсіпорындар мен ұйымдарда жүзеге асырылды.

2023 жылғы сәуірде толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 100,2 мың адамды құрады. Оның ішінде ерлер — 47,3 мың адам — 47,2%, әйелдер – 52,9 мың адам — 52,8% құрады. Орташа айлық еңбекақы осы кезеңде 228 мың теңге шамасында болды.

70 мың теңгеге дейін орташа айлық жалақыны 1,8% қызметкер алды, әрбір екінші қызметкер 70 мыңнан 200 мың теңгеге дейін жалақы алды.

Басшылардың еңбекақысы 350 мың теңге, кәсіби мамандардыкі 279 мың теңге, техник мамандар және басқа да кәсіби көмекші персонал – 231 мың теңге; әкімшілендіру саласындағы қызметшілер – 163 мың теңге; көрсетілетін қызметтер және сауда-саттық саласының қызметкерлері – 132 мың теңге; фермерлер және ауыл мен орман шаруашылығының, балық шаруашылығының және балық аулау жұмысшылары – 189 мың теңге; өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары – 199 мың теңге; өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар және жүргізушілер – 200 мың; біліктілігі жоқ жұмысшылар – 106 мың теңге алған.

Орта білімі бар қызметкерлер жалақысы – 173 мың теңге, жоғарғы біліммен – 302 мың теңге, жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен – 391 мың теңгені құрады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz