Биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында 217 мектептің құрылысы басталады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 217 мектептің құрылысы басталады. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 217 мектептің құрылысы басталады. Бүгінгі таңда осы нысандарды салу үшін қажетті жер учаскелері анықталып, пайдалану құқығымен бірыңғай операторға берілді. Мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ конкурстық рәсімдер өткізді. Сондай-ақ мердігерлермен шарттар жасау рәсімдерін аяқтауда. Мұнан бөлек, мектеп ғимараттары толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті инженерлік-коммуникациялық желілер жеткізу және құрылыс-монтаж жұмыстарын кедергісіз бастау үшін жер учаскелерін дайындау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, — деді вице-министр «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, эскиздік жобаларды әзірлеу мен оларды келісу жұмыстарын жүргізу министрліктің, жергіліктік әкімдіктердің, Білім басқармаларының қатысуымен өткізілді.

— Жалпы, эскиздік жобалар министрлік тарапынан келісілді. Жобалық шешімдерді келісу кезінде бастауыш мектептер мен орта мектептердің аралығында блоктардың болуына, пәндік кабинеттердің, асханалар мен санитарлық тораптардың орналасуына ерекше назар аударылды. Үлкен қалаларда жұртшылық тарапынан мектептерге кірме жолдар мен аялдама мәселесі жиі туындайды. Сондықтан бұл мәселелерді де осы «Жайлы мектеп» жобаларын келісу кезінде ескеретін боламыз, — деді Еділ Оспан.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz