Ақжар аудандық мәслихатынан шығып қалған депутаттың орнына жаңа кандидат сайланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Ақжар аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 748 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 580 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 5 сайлаушы қатысты. Кандидаттардың жалпы саны үшеу болды.
– № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақжар аудандық мәслихаты депутаты сайлауының мынадай қорытындылары бойынша сайлаушылардың 375 дауысын жинаған Бауыржан Баржанов аудандық мәслихаттың депутаты болды, — делінген Ақжар аудандық сайлау комиссиясының мәліметінде.
Бауыржан Баржанов 1982 жылы туған, «AMANAT» партиясы ҚБСҚО Ақжар аудандық филиалының атқарушы хатшысы.