Полицейлер қыс мезгілінде қызмет етуге дайын

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да саптық байқау барысында полицейлердің қысқы уақытта қызмет атқаруға дайындығы тексерілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Петропавлдағы «Динамо» стадионында қысқы киім үлгісіне көшуге байланысты облыстық және қалалық полицияның жеке құрамының саптық байқауы өткізілді. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, жедел уәкілдер, тергеушілер, облыстық және қалалық полиция аппаратының қызметкерлері және мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейлері сапқа тұрғызылды.
Командирлер әр офицер мен сержанттың қысқы уақытта қызмет атқаруға дайындығын тексерді. Мәселен, патрульдік полицейлер мен учаскелік полиция инспекторлары халықпен тығыз жұмыс істейді. Олар қызметтің көп уақытын ашық аспан астында өткізеді. Азаматтар олардың сырт келбетіне, киім киісіне қарап, жалпы полицияға баға береді.

Полиция департаменті бастығының орынбасарлары Айдос Ідірісов пен Сәуле Андағұлова қызметкерлердің сырт келбетінен бөлек, олардың қызметтік куәліктерін, жеке нөмірлері жазылған жетондарын, арнайы амунициясын тексерді. Полицейлер саптық байқау соңында ведомстводағы мәдени орталықтың үрмелі оркестрінің сүйемелдеуімен қызмет атқару орындарына аттанды. Саптық байқаулар кемінде жылына екі рет өткізіледі.

Дәстүрлі іс-шара саптық мәдениетті, бөлініс құрамында әрекет ете білуді арттыруға көмектеседі: жарғыны білуді, бөлімше құрамындағы тәртіпті нығайтады. Өйткені аталмыш бөліністердің қызметкерлері қылмысқа қарсы күресте, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде алдыңғы шепте болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz