6 мыңнан астам қазақстандық банкрот деп танылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Елімізде өзін банкрот деп жариялаған азаматтардың саны 6 мыңнан асты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

— Халықтың шамадан тыс кредит алу проблемасын шешу құралдарының бірі – азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бүгінгі таңда 6 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды. Борышкерлердің бәрінде бірдей банкроттық рәсімін пайдалану мүмкіндігі жоқ. Проблемалық қарыз алушыларды көбірек қамту үшін Қаржы министрлігі осы жылдың соңына дейін құжаттар беруді оңайлату және соттан тыс банкроттықты қолдану рәсімін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауы қажет, — деді Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, өзін банкрот деп жариялаған азамат оның қарызы жабылады деген түсініктен аулақ болу керек.

— Бүгінгі таңда банк саласындағы интернет-алаяқтық өзекті мәселеге айналды. Соңғы жылдары мұндай фактілердің саны 5 есеге дейін көбейіп кеткен. Жыл басынан бері интернет-алаяқтыққа байланысты 15 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелді. Келтірілген зиянның мөлшері 13 млрд теңгені құрады. Оның 65%-ін шетелден келген алаяқтар жасаған, — дейді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz