Бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасы қарастырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мамыр айында автожолда жаяу жүргіншіні қағып, оның денесін Петропавлдағы шағынаудандардың бірінде тастап кеткен ер адам сотталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Естеріңізге салсақ, көлікті тізгіндеген сотталушы Мамлютка қаласынан Петропавлға келе жатқан еді. Жолда ол жаяу жүргіншіні соғып, кейін теміртұлпарына тиеп қала сыртындағы Былғары шағынауданындағы Рыжок көшесі бойындағы бұталардың тасасына тастап кеткен. Жол-көлік апатынан зардап шеккен азаматты сегіз сағат өткен соң жергіліктиі тұрғындар тауып алды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, келер күні ер адам анықталып, полицияға жеткізілді. Бүгін күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша сотталды.

– Сот жазасын жеңілдететін мән-жайларды ескерді. Ол алғаш рет қылмыстық теріс қылыққа барғандықтан, жас балалардың болуы мен қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген моральдық және өзге де зиянды ерікті түрде түзету, жасалған іс-әрекетке өкінуі назарға алынды. Ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, сотталушының жеке басын ескере отырып, жәбірленушінің оған моральдық зиян келтірілгені туралы ұстанымын назарға ала отырып және ол сотталушыны бас бостандығынан айырмауды сұрай отырып, сот сотталушыға түпкілікті жазаны 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, бір жылға бас бостандығын шектеу түрінде жазаны тағайындады, — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Сотталғандарға бір жыл мерзімге пробациялық бақылау орнатылды, 100 сағат көлемінде мәжбүрлі еңбекке тартылды, әділет капитаны арнайы атағынан айырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz