Қараша айы жылы болмақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қараша айында облыс аумағында ауа температурасы шамамен 7-8 градус суықтықты көрсетпек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК филиалының болжамынша, қараша айының бірінші онкүндігінде сынап бағанасы түнде минус 6-11 – ден 0 — минус 5 градусқа дейін, күндіз – 0-минус 5-тен 1-6-ға дейін ауытқуы мүмкін.

Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде минус 15-20 — дан минус 10-15 градусқа дейін, күндіз-9-14-тен 4-9 аязға дейін көтеріледі деп күтілуде. Онкүндіктің соңында термометр бағанасы түнде 21-26, күндіз 13-18 аязға дейін төмендейді.

Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасының түнде минус 21-26 – дан 0-5 градусқа дейін, күндіз – 13-18 аяздан 2-7 жылуға дейін көтерілуі болжанады. Онкүндіктің соңында түнде 5-10 градус аязға дейін, күндіз +1 градусқа дейін жылынады.

Жаңбыр, қар бірінші және үшінші онкүндіктерде жиі күтіледі, қар екінші онкүндіктің соңында, көктайғақ бірінші онкүндіктің соңында, үшінші онкүндіктің ортасында болады. Тұман айдың ортасында және соңында болуы мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz