Қарашаның 4-і сенбі күні Петропавлдың Мағжан Жұмабаев көшесінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, жәрмеңке М.Жұмабаев көшесінде (Интернационал мен Пионер көшелері аралығы) сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін жалғасады.
– Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне облыстың 100-ден астам тауар өндірушісі мен барлық аудандар қатысады. Малға арналған жем-азық саудаланып, ет және шұжық өнімдері, сүт өнімдері, ұн және жарма, макарон және кондитерлік өнімдер, бал, жұмыртқа, картоп пен көкөністер, балық өнімдері саудаланады. Бағасы нарықтық бағадан 15-20% төмен болады, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мамандары.