Сауапты істен шаршаған емес

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы «Qamqor team» еріктілер қозғалысын құрып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚУ оқытушысы Айгүл Айтымова волонтерлікпен 2013 жылдан бері айналысады. Сол кезде қайырымды жан әріптесіммен бірге алғаш рет университет қабырғасында «Балаға қуаныш сыйла» жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Бүгіндері Айгүл Айтымова Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Педагогика және психология» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарады. 2019 жылы «Amanat» партиясының белсенді мүшесі жоғары оқу орнында «Qamqor team» еріктілер қозғалысын құрды. Бүгінде оның құрамына 40 адам кіреді. Арасында 2-3 курс студенттерінен бөлек, университетті бітіріп, жұмыс істеп жүрген түлектер де бар. Дейтұрғанмен, олар мұқтаж жандарға көмек көрсетуді жалғастыруда.

«Qamqor team» еріктілер қозғалысы «аманаттықтармен» бірге аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасыларға көмектеседі. Сондай-ақ, мектеп оқушыларымен, балалар үйінің тәрбиеленушілермен бірлесіп, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Азық-түлікке, кеңсе тауарларына мұқтаж отбасылар бар. Оларға еріктілер үнемі қол ұшын береді.

– Қаражатты өзіміз жинаймыз. Тұрақты демеушілеріміз бар. Бізді жақындарымыз да қолдайды. Көп жағдайда қарапайым адамдар хабарласып, көмекке мұқтаж жандардың телефон нөмірін сұрап, көмектесіп жатады, — деді Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің аға оқытушысы Айгүл Айтымова.

Соңғы төрт жыл бойы «Qamqor team» еріктілер қозғалысы «Аяла» қарттар үйіне, «Аналар үйі» ресурстық орталығына, отбасылық үлгідегі балалар үйіне, мүгедек балалардың аналар ұйымына үнемі көмектесіп, қайырымдылық шараларын өткізеді. Ақпараттық қолдау көрсетеді. Сондай-ақ қозғалыс мүшелері ауыр сырқаттары бар балаларға қаражат жинаумен айналысады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz