Бір жылдың ішінде азық-түлік 12 пайызға қымбаттады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысындағы инфляция жылдық есептеумен алғанда 12,1 % көрсетті. Өткен жылғы қазан айымен салыстырғанда әсіресе күріш пен сары май және көкөністерге баға өскен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, өткен жылғы қазанмен салыстырғанда, азық-түлік тауарларына – 12%, азық-түлік емес тауарларға – 12,1, ақылы қызметтерге – 12,6% өсті.

Бір жылдың шінде тұздалмаған сары май – 29,2%, жұмыртқа – 19,6, сүт өнімдері – 16,1, жемістер – 7,5% қымбаттаған. Жармалардың кей түрінің бағасыа 2% төмендегенімен, күріш осы аралықта 47,9% қымбаттады.

Алкогольді ішімдіктерге – 16,2%, алкогольсіз сусындарға – 16,1% баға көтерілген. Көкөністер де 5,7% қымбаттаған. Соның ішінде қызылша бағасы – 32,8%, қырыққабат – 25,2%, сәбіз – 24% өскен. Ал картопты былтырғыдан 2,2%, пиязды 1,9% арзанға алуға болады.

Бұйымдар, приборларға және жеке бас тұтынуына арналған тауарларға – 27,7%, киім және аяқ киімге – 12,6, фармацевтикалық өнімдерге – 8,9, кітаптар мен кеңсе тауарларына – 6,7% баға өскен. Тас көмір 14,2% қымбаттады. Бензин 12,1% өсті.

Коммуналдық қызметтердің ішінде электр қуатына тариф 14,2% қымбаттады. Амбулаторлық қызметтер де бүгінде – 17,8%, көлік қызметтері – 13,2%, тұрғын үйді жалға беру үшін төленетін нақты ақы – 10% қымбаттаған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz