Шайбалы хоккейден ел біріншілігінде «Құлагер» клубы павлодарлық «Ертіс» командасын ұтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Спорт сарайында өткен кездесуде жерлестеріміз екінші ойын қатарынан павлодарлық қарсыластарынан басым түсті. Осы жолы құлагерліктер 2:0 есебімен жеңіске жетті. Нәтижелі соққыларды Болат Хамматов пен Артем Гарифулин жасады.
Турнир кестесінде «Құлагер» командасы әзірге 11-ші орында келе жатыр. Ел біріншілігінің көш басында өзбекстандық «Хумо» клубы тұр.