Өңірде алғаш рет тікелей халықтың қатысуымен аудан әкімдерінің сайлауы өтті. Бүгіндері саяси науқанның қорытындысын облыстық сайлау комиссиясы жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 35846 азамат енгізілді. Дауыс беруге 24061, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 24, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 660 сайлаушы қатысты. Кандидаттардың жалпы саны — 8.
Аудан әкімдері сайлауының қорытындысы мынадай:
Есіл ауданы бойынша:
Мереке Тілеужанұлы Мұхамедияров үшін сайлаушылардың 8419, Серік Жәукеұлы Шаймергенов үшін 1630 дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 724.
Мамлют ауданы бойынша:
Мейірхан Серғалиұлы Жұмықов үшін сайлаушылардың 428, Абзал Жәмкенұлы Исманов үшін 604, Елена Федоровна Степаненко үшін 6817 дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 416.
Тимирязев ауданы бойынша:
Талғат Файзоллаұлы Есләмов үшін сайлаушылардың 338, Қайрат Зейноллаұлы Жағыпаров үшін 358, Ерлан Қайырұлы Жаров үшін 3536 дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны — 181.
Сайлау қорытындысы бойынша Есіл ауданының әкімі болып Мереке Тілеужанұлы Мұхамедияров сайланды. Ол 1962 жылы туған. Тұрғындар Мамлют ауданының әкімі лауазымына Елена Федоровна Степаненконы лайық деп таныды. Ол 1972 жылы дүниеге келген. Ал Ерлан Қайырұлы Жаров Тимирязев ауданының әкімі болып сайланды. 1982 жылы туған оның мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек өтілі он жылдан асады.