Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданында инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысын көрді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бүгіндері Қызылжар ауданына қарасты Прибрежное және Якорь ауылдарында дәрігерлік амбулаторлық пунктер салынып жатыр. Жаңа нысандардарда дәрігер және стоматология кабинеттері, зертхана, күндізгі стационар және емдеу бөлмелері болады деп күтілуде.
Өңір басшысы Соколов топтық су құбырының 2-кезеңін іске асыру жұмыстарымен де танысты. Жоба 14 ауылдың, соның ішінде Новокаменка мен Архангелка тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған.
Күрделі жөндеуден кейін аудандық Мәдениет үйі де жаңғырды. Мекеменің қасбеті, көрермендер залы мен балалар кітапханасы жаңартылды. Сонымен қатар, СҚО әкімі кезекте тұрған азаматтар үшін салынып жатқан көпқабатты үйдің құрылысын бақылап, құс фабрикаларын аралады.