Өткен түнде Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары аспанда табиғаттың ерекше құбылысына куә болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Аққайың, Тайынша, Мамлют, Есіл, Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов атындағы, Қызылжар және Шал ақын аудандарының тұрғындары «Солтүстіктің щұғыласын» байқаған. Аспанда қызыл және жасыл түстермен боялған ерекше құбылысты әлеуметтік желі пайдаланушылары суретке түсіріп, оқырмандарымен бөлісті.
Аспандағы ерекше құбылыс 15 минутқа дейін созылды. Бұған дейін «Солтүстіктің шұғыласы» Қостанай облысында көрінген болатын.