Ауа райы +10°С-қа дейін жылынады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстандық синоптиктер республика бойынша 2023 жылғы қарашаның 8-і мен 9-ы күндері ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, барикалық түзілімдердің өзгеруінен республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады, қар аралас жаңбыр жауады.

— 8-9 қарашада елдің оңтүстігінде, 9 қарашада оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанды, – делінген хабарламада.

Болжам бойынша, республика бойынша ауа температурасы сәл көтеріледі:
  • солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде 0-8°С-тан 0+5°С-қа дейін;
  • шығыста -2-13°С-тан 0-8°С-қа дейін;
  • оңтүстік пен оңтүстік-шығыста -2+5°С-тан +3+10°С-қа дейін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz