Қыс жақындаған сайын көмірге сұраныс артуда. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде қатты қара отын жеткілікті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жылыту маусымында облыс халқын толыққанды көмірмен қамту үшін өңірге оның 420 мың тоннасы қажет. Әзірге сату пунктерінде 237 тоннасы жеткізілген. Ол шамамен қажетті қара отынның 57 пайызын құрап отыр.
– Облыста көмір 32 теміржол тұйығында сатылады. Қараша айында 250 вагон тиелген қара отынның 17500 тоннасы жеткізілді. Алдағы уақытта тағы 56 вагон келеді деп күтілуде. Оның 14 вагоны Петропавл маңындағы тұйықтарда көмірді жеткізбек, — делінген СҚО эенрегетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы таратқан мәліметте.
Көмірдің бағасы оның маркасына байланысты сатылады. Оның бір тоннасының құны 12 мыңнан 20 мың теңгеге дейін жетеді.