Мәдениет үйінің бұрыңғы басшысына қатысты сот үкімі шықты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қалалық соты Мәдениет үйінің бұрынғы директорына, ішкі аудит департаментінің заңгеріне және ЖШС басшысына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оларға бюджет қаражатын ұрлады деген айып тағылды. Сонымен қатар, мәдени ошақтың директоры мен заңгері кәсіпкерлік қызметке кедергі жасай отырып, бизнес өкілінен пара алды деген күдікке ілінген болатын.

Оқиға өткен жылдың қазан айында департамент директоры мен заңгері көрермен залының жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру құқығын алған адамды шеттетіп, басқа ЖШС басшымен осы жұмыстарды жүзеге асыруға заңсыз шарт жасасқан. Соңғысы жұмыс көлемін талап етілгеннен аз орындады, бірақ соманы толық алды. Осылайша, мемлекетке келтірілген залал 7 млн. теңгеден асты.

Іс материалдарынан Мәдениет үйінің директоры орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және сахналық қойылымдарды ресімдеу бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасағаны үшін кәсіпкерден 454 мың теңге көлемінде пара алғаны анықталды.

– Сотталушылар кінәні мойындамады. Іс сотта куәгерлер мен сарапшылардың айғақтарымен және жазбаша дәлелдемелермен дәлелденді, — дейді облыстық сотың баспасөз қызметіндегілер.

Сот үкімімен Мәдениет үйінің бұрынғы директорына орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның асырауында бір кәмелетке толмаған және үш жас баласы болғандықтан, сот жазаны орындауды 5 жылға кейінге қалдырды.

Ішкі аудит департаментінің бұрынғы заңгері орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

ЖШС басшысы орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жеке кәсіпкер кінәлі деп танылды, оған параның 25 еселенген сомасына тең айыппұл түрінде жаза тағайындалды, бұл 11,3 млн. теңгеге сәйкес келеді.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz