Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, халық санағы мәліметтерінше, 2021 жылы Қазақстанда 9 миллион 188 мың адам жұмыс істеген. Бұл 2009 жылғы санақ кезіндегіден 39,2% артық.
Көбіне қазақстандықтар үш салада жұмыс істейді. Елде ең көп ауыл шаруашылығы жұмысшылары бар: 1,41 млн адам (жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 15,3%-ы). Екінші орында көтерме және бөлшек сауда саласы (1,35 млн адам, 14,7%) тұр. Үшінші орында өнеркәсіп (1 млн адам, 11,1%) саласы.
Ең «еркекке тән» сала – ауылшаруашылығы. Қазақстандағы жұмыс істейтін ерлердің 17%-ы ауыл шаруашылығында қызмет атқарады. Ал әйелдердің басым бөлігі сауда саласында (барлық қызметкердің 16%-ы). Жалпы 12 жылда жұмыспен қамту құрылымындағы әйелдердің үлесі 3% өсіп, 48% болды.
Жұмыс істейтін қазақстандықтардың басым бөлігі қалада тұрады (62,5%, 5,7 млн-нан астам адам). 2021 жылғы жағдай бойынша жұмыспен қамтылған азаматтардың 30,8%-ының жоғары білімі бар. Жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары үлесі 30-34 жас аралығындағы азаматтар (2021 жылы 1 млн 450 мың адам).