Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қостанайда өткен Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Форумда өңір басшысы Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен жүздесіп, шекаралас екі облыс арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Ғауез Нұрмұхамбетов «Хлебпром» компаниясының бас директоры Ярослав Шадырямен өткізген кездесуде «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында инвестжобаны жүзеге асыру жөнінде әңгісмелесті.
– Форум екіжақты қарым-қатынасты дамытуға, серіктестік пен іскерлік байланыстарды нығайтуға қосымша серпін бермек және өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа перспективалы бағыттарын дамытуды қамтамасыз етеді, — деп жазды облыс әкімі «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында.