Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жуков көшесінде ақау анықталған кәріз коллекторының жөндеу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жуков көшесіндегі кәріздік коллектор 1956 жылы қолданысқа берілген болатын. 67 жыл бұрын іске қосылған ол, сол уақыттан бері жөндеу көрмеген.
— Мамандар тексеру жүргізіп, жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Жұмыстарды уақтылы әрі сапалы орындауды тапсырдым, — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.